Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облыстық полиция департаментінің қызметкерлері қан тапсырды

Қызылорда полицейлері жылдағы үрдіс бойынша «Донор бол – өмір сыйла!» акциясына қатысып, азаматтардың өмірі мен денсаулығын құтқару үшін донор болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары ерікті түрде қан тапсырып, аталмыш акцияға белсенді түрде қатысты.

​Осы орайда бүгін Қызылорда облысы полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары Асқар Балқожаев бастаған қызметкерлер тобы жанашырлығы мен мейірімділігін көрсетті. Қан тапсырып, донор болды.

– Донор боламын деушілер жыл сайын көбейіп келеді. Донорлық қанды қажет ететін адамдардың өмірін құтқару мақсатында бүгін өзімнен бастап қызметкерлеріміз таң атысымен қан тапсыру үшін кезекке тұрды. Мұқтаждарға көмек қолын созу мақсатында жедел қимылдайтын арнайы жасақтың 100-ден астам қызметкері донор болды. Дәрігердің жіті тексеруінен өткен қызметкерлеріміз ғана донор атанды. Қызметкерлер өзгенің өмірін сақтап қалуға көмектесуді азаматтық борышы санайды, – дейді Асқар Балқожаев.    

Дәрігерлер полицейлердің мінсіз донор екендігін атап өтті. Себебі олар денсаулығына жіті көңіл бөліп, тұрақты медициналық тексерулерден өтіп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру