Абай облысы ҚАЖД қызметкерлері жалғызбасты анаға қайырымдылық жасады
Абай облысы ҚАЖ департаментіне қарасты №21 мекеме қызметкерлері екі жылдан бері өз қамқорлығына алған отбасыға қасиетті Рамазан айының соңғы күнінде қайырымдылық жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Айман (есімі өзгертілген) 4 баланың анасы, 5-ші балаға жүктілікте жүрген жалғызбасты әйелге мекеме қызметкерлері рамазан айында қол ұшын берді. Айманның жолдасы обыр ауруынан көз жұмған. Осы отбасын мекеме әкімшілігі бастаған жеке құрам қызметкерлері өз қарамағында ұстап қол ұшын беруді әдетке айналдырған. Аталған келіншек бұған дейін отбасымен пәтер жалдап, қаланың түпкір -түпкірінде тұрған, жуырда «Қарекет» қайырымдылық қоры халықпен бірлесе пәтер кілтін табыстады деп жеткізген. Осындай игі істердің нәтижесіне жанашырлық танытып №21 мекеменің қызметкерлері де назардан тыс қалған жоқ. Аталған отбасыға қордан берілген үйге барып шашу шашып, азын-аулақ көрімдік беріп, азық-түлік пен балаларына киім-кешек апарып қуаныштарын бөлісті.
Арнайы ұйымдастырылған көмек ісі кезінде №21 мекемесінің тәрбие және кадр жұмысы бөлімшесінің бастығы Гульнар Исмаилова Айманға жаңа үйінің іргесі құтты, берекелі шаңырақ болуына жүрек жарды тілегін жеткізді.