Абай облысында полицейлер мыңнан астам баланы тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті
Жыл басынан бері Абай облысының патрульдік полицейлері мыңнан астам баланы тасымалдау кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері балаларды тасымалдайтын автоколонналарды тұрақты негізде алып жүруді жүзеге асырады. Полицейлердің басты міндеті – қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлар туындаған кезде шаралар қабылдау. Негізінен, мұндай сапарлардың мақсаты өңірлік және облыстық спорттық, мәдени, білім беру іс-шаралары.
Жыл басынан бері патрульдік полицейлер мыңнан астам оқушының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, 87 автобус пен автоколоннаны ертіп жүрді. Балаларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері уәкілетті органдардың, оның ішінде жергілікті атқарушы органдардың, полицияның, сондай-ақ оқу орнының әкімшілігінің ерекше бақылауында. Балаларды тасымалдауға арналған көліктерге үлкен назар бөлінеді. Абай облысының аумағында балалармен автоколонналарды алып жүру кезінде жол қозғалысы мен жол-көлік оқиғаларының бұзылуы тіркелген жоқ.