Ақмола полицейлері ірі сауда орталықтарының террористік тұрғыдан қорғалу деңгейін тексеріп жатыр
Ақмола облысында полиция ірі сауда орталықтарының террористік тұрғыдан қорғалу деңгейін тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын бақылауды ұйымдастыру саласындағы жұмысты жүзеге асырып жатыр. Сауда орындарының басшыларына және меншік иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері нысан иелері мен басшыларына қызметкерлер үшін де, келушілер үшін де қауіпсіз режимді қамтамасыз ету қажеттігін ескертті.
Бұл қазіргі заманғы күзет жабдықтарымен жарақтандыруға, өткізу режимін қамтамасыз етуге, күзет фирмаларының қызметкерлерімен профилактикалық және оқу іс-шараларын жүргізуге, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың қойылатын талаптарына сәйкестігін тексеруге қатысты іс-шаралар.
Басқарма қызметкерлері Көкшетау қаласының бірқатар сауда орталықтарын тексерді. Бейнебақылау жүйелері, штаттан тыс жағдайларға жауап беру механизмі және дабыл түймелерінің дұрыс жұмыс жасап тұруы басты назарда болды. Эвакуация схемасы, баспалдақтарға және апаттық шығулардың қолжетімділігі ерекше тексерілді.
Қазіргі уақытта экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тексеру шеңберінде өңірдің террористік тұрғыдан осал 1080 объектісінің 358-ін тексерді, анықталған бұзушылықтарды жою туралы бірқатар ұйғарымдар шығарды.
Мұнан басқа ҚР ӘҚБтК 149-бабы бойынша объектілерді терроризмге қарсы қорғау саласындағы талаптарды орындамағаны үшін 5 басшы мен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.