Жетісудағы 12 нысанға терроризмге қарсы қорғау бөлігінде ұйғарымдар шығарылды
Жетісудағы 12 нысанға терроризмге қарсы қорғау бөлігінде ұйғарымдар шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу облысының полициясы террористік тұрғыдан осал 700-ден астам объектінің терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етуіне тұрақты бақылауды жүзеге асырады. Бұл білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының көпшілігін қоса алғанда, адамдар көп жиналатын аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті-өндірістік нысандар.
– Ағымдағы жылы терроризмге қарсы қорғалуы бойынша 150 объект тексерілді, 12 нысанның басшыларына анықталған кемшіліктерді жою туралы ұйғарымдар енгізілді. Сонымен қатар, жоғарыда аталған объектілердің үш жүзден астам иелері, басшылары мен персоналдарын қамтыған семинарлар өткізілді. Бұл семинарларда терроризмге қарсы
іс-қимыл саласындағы заңнама түсіндірілді, онда террористік акт жасау қаупі төнген кезде іс-қимыл алгоритмі жеткізілді, – деп атап өтті ПД ЭҚІҚБ бастығы Болат Болысбеков.
Осы объектілердің басшылары мен қызметкерлері үшін терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін Ішкі істер министрлігімен террористік акт немесе өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасау қаупі төнген кезде нұсқаулықтар әзірленіп, жолданды. Нұсқаулар Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер министрлігінің ресми сайттарында орналастырылған.
Қолданыстағы заңнама террористік тұрғыдан осал объектілердің иелерін, басшыларын көрсетілген салада персоналды оқыту бойынша жеке ұйымдармен міндетті шарттар жасасуға міндеттемейтінін атап өту қажет.
– Басшыларға объектілерді заманауи қауіпсіздік жүйелерімен, оның ішінде бейнебақылау, хабарлау, дабыл сигналын беру жүйелерімен жарақтандыру жөніндегі талаптар түсіндірілді. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлар үшін көзделген қылмыстық жауаптылыққа ерекше назар аударылды, – деп хабарлады Жетісу облысы ПД ЭҚІҚБ.