Жамбыл облысында полиция ЖҚЕ бұзушыларды әлеуметтік желілер арқылы белсенді анықтап жатыр
Жамбыл облысында полиция ЖҚЕ бұзушыларды әлеуметтік желілер арқылы белсенді анықтап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының полиция қызметкерлері күнделікті әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында көлік жүргізушілері тарапынан ұдайы жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерін анықтауда.
Бейнежазбалар арқылы анықталған көлік құралдарының жүргізушілері құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, олармен профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Көлік құралдары айып тұрағына қойылды.
Әлеуметтік желідегі статистикалық мәліметтерге сүйенсек, жол ережелерін бұзу оқиғалары көбінесе 18-28 жас аралығындағы жүргізушілер тарапынан контент жинау мақсатында бейнежазбаға түсіріле отырып жасалады. Айта кетерлігі, олар өз әрекеттерімен өзге көлік жүргізушілерінің өмірі мен денсаулығына қандай қауіп тудырып отырғанын ескермейді.
Есіңізде болсын, жол қауіпсіздігі бірінші кезекте сіздің жауапкершілігіңіз. Жол қозғалысы ережелерін елемеу ақыр соңында қайғылы оқиғаларға әкелуі мүмкін.
Жамбыл облысының полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, қызық үшін құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігін ескертеді.