Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында мобильді топтар еңбек құлдығының құрбандарын анықтау бойынша тексеріс жүргізіп жатыр

Жетісу облысында мобильді топтар еңбек құлдығының құрбандарын анықтау бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбек құлдығының құрбандарын анықтау, сондай-ақ адам саудасы фактілері бойынша ақпараттарды тексеру мақсатында құрылған ведомствоаралық мобильді топ өңір аумағында қызметін жалғастыруда. Топ құрамына полиция мен прокуратура, ҮЕҰ өкілдері, әкімдік және еңбек инспекциясының қызметкерлері кіреді.

– Біздің басты мақсатымыз – еңбек қатынастарының бұзылу фактілері мен еңбекті пайдалану құрбандарын тексеру және анықтау, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Статистикаға сәйкес, мұндай жағдайлар көбінесе халықтың тығыздығы төмен ауылдық жерлерде анықталады. Сондықтан шалғайдағы елді мекендерде түсіндіру жұмыстарына баса назар аударылды, – деп атап өтті Жетiсу облысы ПД ҰҚҚКБ аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Асет Мустафин.

Бұл жолы мобильді топ облыс орталығының шетінде орналасқан шаруа қожалықтары мен шалғай учаскелерді аралап шықты. Сонымен қатар төрт ірі зауыттың қызметкерлерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аралау барысында байланыс телефондары бар ақпараттық брошюралар мен жадынамалар таратылып, «еңбек құлдығы» деп аталатын қауіп пен қатер туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

– Осындай қылмыстармен байланысты фактілер туралы ақпараты бар азаматтар дереу полицияға 102 арнасына және 8 702 344 30 03, 8 (7282) 60-82-32 (ҰҚҚКБ) хабарлауы тиіс екенін еске саламыз, – деп қосты А. Мустафин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру