Қызылорда облысында сотталғанға насыбай жеткізбек болған күдікті анықталды
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде сотталғанға жасырын түрде насыбай алып кірмек болған азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нақтырақ айтар болсақ, ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлгімен мекемеде қамауда отырған сотталғанға сәлем-сауқат әкелу барысында тағамдар арасынан 2 дана пакетке салынған насыбай тәркіленді. Бұл тиым салынған затты, РжКБ-нің бақылаушысы Қ.Сақтағанов анықтап, мекеме бастығына, жедел бөлім уәкілдеріне сонымен қатар, режим бөлімінің бастығына хабарлап, 2 дана пакетке салынған насыбайды айғақ зат ретінде тіркеді.
Бұл қылмыстық іс, Қызылорда облысы Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданып, қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Айте кетейік, насыбай денсаулыққа зиян әрі ұят әдеттің бірі. Оның қалай жасалатыны белгілі. Ешқандай санитарлық талап сақталмайды. Құрамында түрлі дертті, оның ішінде онкологиялық ауруларды қоздыратын заттар бар. Насыбайды өндіруге және таратуға 2015 жылдан бастап тыйым салған. Сондай-ақ насыбайды қолданған, сатқан әрбір азаматқа заңсыз сатқаны үшін 25 АЕК немесе 92 мың теңгеден астам мөлшерде айыппұл көзделген.