СҚО-да патрульдік полицейлер тәулік бойы су басқан автожол учаскелерін бақылайды
СҚО-да патрульдік полицейлер тәулік бойы су басқан автожол учаскелерін бақылайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның жетекші қызметтерінің қызметкерлері құтқарушылармен бірге тәулік бойы су тасқынының салдарымен күресуге жұмылдырылған кезде, қала сыртындағы жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ететін облыстық патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қарқынды жұмыс істеп жатыр.
Есіл өзенінің бұрын-соңды болмаған төгілуі облыс тұрғындарының өміріне, сондай-ақ қала сыртындағы автожолдарда кезекшілік ететін патрульдік полиция қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастыруда айқын түзетулер енгізді. Алайда автопатрульдер жаңа жағдайларда жедел қайта бағдарланды; жол қауіпсіздігін бақылаумен қамтамасыз ету штаттық режимде жүзеге асырылады.
– СҚО ПД ППБ қызметкерлері екі ауысымда су тасқыны байқалатын автожол учаскелерінде кезекшілік етеді. Біздің міндетіміз – жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жазатайым оқиғалардың алдын алу, құтқарушыларға жәрдемдесу және халыққа жан-жақты көмек көрсету, – деп атап өтті СҚО ПД ППБ командирі Валихан Оразалин.