Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-да жедел кеңес өтті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінде осы жылдың 3 айында атқарылған жұмыс қорытындыланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-да департамент бастығы Шаймерден Есенкелдиев  төрағалығымен жедел кеңес өтті. Жедел кеңеске жеке құрам қызметкерлері, мекеме басшылары және пробация қызметінің бастықтары және РМК «Еңбек – Қызылорда» филиалы директоры С.Кенжебеков қатысты.

Жедел кеңесті Шаймерден Есенкелдиев ашып, ҚАЖ қызметкерлерінің арасындағы тәртіптің, заңдылықтың сақталуына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі, ҚАЖ имиджін арттыруда атқарылған жұмыстарға тоқталды. Сонымен қоса сотталғандардың құқықтарының сақталуы, сотталған азаматтардың жұмыспен қамтылуы, оларға көрсетілетін медициналық көмектің көрсетілуі және тылмен, қаржымен қамтамасыз ету және пробация қызметтері бойынша қайта қылмыстың алдын алуда атқарылған жұмыстар мен кемшіліктерді де атап өтті.

Жедел кеңесті қорытындылаған департамент бастығы ҚАЖ мекемелерінде алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізу, сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың жолын кесу бойынша жұмысты жандандыруды және олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізуді, тапсырды. Аудандық және қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқаруды және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстардың жүргізілуіне нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру