Павлодар облысында жол ережесін сақтамаған 60-қа жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды
Павлодар облысында жол ережесін сақтамаған 60-қа жуық жаяу жүргінші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жылдамдық шегінен асырып жүргенді ұнататын 198 адам жауапқа тартылды. Төрт жүргізуші мас күйінде көлік жүргізді, екі жүргізуші қарсы қозғалыс жолағына шықты, 26-сы жаяу жүргіншіге жол бермеді, сондай-ақ жол бөлігін белгіленбеген жерлерден өткен 59 жаяу жүргінші де жазаланды.
Мысалы, Павлодар қаласында Естай – Нұркин көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер жолында Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншілердің жолдан өтуіне кедергі болды. Құқық бұзушы жауапқа тартылды, оған 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
– Мен жаяу жүргіншілер қадам басамын дегенше, жолдан өтіп үлгеремін деп ойладым, – деп ақталуға тырысты жүргізуші.
Жолдан рұқсат етілмеген жерде өтіп бара жатқан тағы бір жаяу жүргіншіні тәртіп сақшылары Торайғыров көшесі 28-де тоқтатты.
– Ауыр жұмыс күнінен кейін үйге жету үшін көп жол жүргім келмеді. Иә, мен ереже бұздым және өз әрекеттерім үшін толық жауап беремін, – деді павлодарлық.
Жол ережесін бұзғаны үшін жаяу жүргіншіге 3 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді. Сонымен қатар полицейлер жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы ережелері туралы айтып, олардың назарын жолдың жүріс бөлігінен өту ережелеріне аударды.
– Егер үш жыл бұрын мен кейбір уақытта жолды белгіленбеген жерден өткен болсам, қазір олай етпеймін. Қазір қалада жылдамдықты ерекше жақсы көретін көлік жүргізушілері көп. Тәртіптен аттамаймын, – дейді қала тұрғыны.Полиция департаменті жолдан өтпес бұрын жаяу жүргіншілер тоқтап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек екенін еске салады.