Алматы қалалық, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қызметкерлері сенбілікке шықты
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сенбілікке Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты 10 мекеменің және 29 пробация бөлімінің қызметкерлері де қатысты.
Тазалық іс-шарасы барысында аймақты тазалау және көгалдандыру жұмыстары атқарылып, ҚАЖД қызметкердері ағаштарды әктеп, шөптерді орып шықты. Сонымен қатар аулада абаттандыру жұмыстары да жасалды.
– Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау әр азаматтың басты міндеті. Бұл сенбіліктің басты мақсаты – айналаны тазалап, ҚАЖД қызметкерлерін еңбекқорлыққа тәрбиелеу және қаламыздың тазалығы мен өркендеуіне өз үлесімізді қосу, – деп атап өтті департамент басшысы Қайрат Дәлбеков.