Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-да жас қызметкерлер ант қабылдады
Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Отан қорғаушылар күні мерекесінің қарсаңында ҚАЖД бөліністерінің жас қызметкерлері ант қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жас қызметкерлерді ҚАЖД бастығы Б.Шәкіров құттықтады.
– Ант қабылду күнінің мәні аса зор – бұл күн өмірде бір-ақ рет беріледі. Ант беру – Отаныңа шын беріліп қызмет ету дегенді білдіреді. Қылмыстық-атқару жүйесінің жас қызметкерлеріне зор сенім білдіреміз. Антқа адал болу – патриотизм рухында тәрбиеленген адамның ғана қолынан келетінін баса айтқым келеді, – деді Шәкіров.
ҚАЖ саласының жас қызметкерлерін қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері мен ата-аналары да құттықтап, қызметтеріне сәттілік тіледі.
Шараға қатысушылар қызметтік міндетін атқару үстінде қаза болған әділет сержанты Ж.Қашымбековті бір минут еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.