Түркістан облысында полиция мас жүргізушіні ұстады
Түркістан облысында полиция мас жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал ауданының полицейлері күнделікті қызмет атқару барысында кешкі уақытта аудан көшелерінің бірінен жүрісі күдікті әрі қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан Daewoo Nexia көлік жүргізушісін байқады. Содан полицейлер көліктің артынан жүріп, оны тоқтатқан.
Тексеру кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішіп алғаны байқалды. Қорытындыға сәйкес 36 жастағы жергілікті тұрғынның мас күйінде көлік жүргізгені расталды. Қазіргі таңда масаң күйде көлік жүргізген ер адам 15 тәулікке қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Түркістан облысының полициясы азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.