Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында синтетикалық есірткі сатқан күдіктілер ұсталды

Павлодар облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің қызметкерлері синтетикалық есірткі сатқан күдіктілерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Фигуранттар көтерме дозаларды байланыссыз тәсілмен жасырын орындар арқылы жүзеге асырған.

Павлодар қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жеке тінту барысында 2 түйіншек табылған ер адам ұсталды. Ал есірткі сатушының тұрғылықты жерін тінту кезінде полицейлер жалпы салмағы 415 грамм болатын синтетикалық есірткі бар тағы 13 түйіншекті, таразыны, полиэтилен пакеттерді тапты. Олар жасырын орындар арқылы әрі қарай сату үшін дайындалған.

– Сондай-ақ полицейлер оның сыбайласын ұстады. Тінту кезінде оның көлігінен жалпы салмағы 198 грамм болатын синтетикалық есірткі заты бар 2 полиэтилен пакет табылды, – деді Павлодар облысы ПД ЕҚҚІҚБ бастығы Тимур Қаржаубаев.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде полиция қызметкерлері екі адамның виртуалды дүкен атынан жасырып кетуші арқылы есірткі сатуды ұйымдастырғанын анықтады. Ер адамдар көтерме «қаптамашылар» болды және есірткіні интернет-дүкен арқылы алды, оларды кейіннен бөлшек курьерлерге беру үшін жасырын орындарға орналастырды.

Осы фактілер негізінде қаскүнемдерге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 297-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Баптың санкциясы 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сотталушылар қамауға алынды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру