Ақмола полицейлері жолда инсульт алған жүргізушіге көмектесті
Ақмола полицейлері Петропавл қаласына гуманитарлық көмек алып бара жатқанда инсульт алған жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс ПД қызметкерлеріне «AFTOS» ЖШС көлік компаниясының директорынан алғыс түсті.
– Сәлеметсіз бе! Менің атым Нұркен. Көктемгі табиғи апат кезінде біз зардап шеккендерге гуманитарлық көмекті Петропавл қаласына алып бардық. Қайтар жолда (7 мамырда) сіздің жол учаскеңізде біздің жүргізушіміз кенеттен өзін нашар сезініп, микроинсульт алды. Полиция қызметкерлері Евгений Дик пен Бүркіт Алшынбаевтың арқасында зардап шеккен азаматқа уақытылы көмек көрсетілді, содан кейін ол жақын маңдағы аурухана пунктіне жеткізілді, – деп атап өтті компания директоры.
Белгілі болғандай, Ақмола облысы ПД ППБ қызметінің инспекторлары Евгений Дик пен Бүркіт Алшынбаев Екатеринбург – Алматы тасжолын патрульдеу барысында жол жиегінде тұрған жүк көлігін байқаған. Ойланбастан, олар көліктің тоқтау себебін анықтауға шешім қабылдады. Кейін белгілі болғандай, 60 жастағы жүргізушінің қан қысымы көтеріліп, өзін нашар сезінген. Жақын жерде жүргізушінің жиені ауруханаға жеткізу үшін жолда көліктерді тоқтатуға тырысқан.
Жағдайды бақылай отырып, тәртіп сақшылары дереу науқасты қызметтік көлікке отырғызып, бірден ауруханаға жеткізген, онда оған инъекция жасалды, жағдайы қалыпқа келді. Кейін ол қайтадан көлікке жеткізіліп, аздап демалып және содан соң өз жолын жалғастыруға кеңес берілді. Жағдайды бақылау үшін бірден телефон нөмірлерімен алмасты.
– Жүргізуші өзің өте нашар сезінді. Біз ойланбастан оны дереу қабылдау бөліміне апардық. Мұндай жағдайлар бізде күн сайын дерлік болады. Әрбір мұқтаж адамға көмек көрсетуге тырысамыз. Әрине, бізге алғыс айтқанды ұнатамыз – біреу әлеуметтік желілер арқылы рақмет айтады, біреу басшылыққа жазады. Қызмет ету және азаматтарымызға көмектесу – біздің тікелей міндетіміз, – дейді полицей.
– Көрсетілген көмек пен жүргізушімізбен болған жағдайда тиімді әрекет еткендері үшін алғысымды білдіргім келеді, бұл үлкен қауіптің алдын алуда шешуші рөл атқарды! Құрметпен, Нұркен Раманқұл, – деп қорытындылады гуманитарлық көмекті ұйымдастырушы.