Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте «Қорғаудың» көмегімен көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші анықталды

Жүргізуші куәлігі жоқ азаматтың басқаруындағы Kia K9 автокөлігін патрульдік полиция қызметкерлері Тұран ауданының аумағында тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны өткен жылдың күзінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Атап өтейік, аталған құқық бұзушылық 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Ұсталған ер адамның темір тұлпары айып тұраққа қойылды.

«Қорғау» қосымшасы тәртіп сақшыларына мегаполистің автожолдарында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды анықтауға септігін тигізеді, сондай-ақ ең алдымен, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Жыл басынан бері қосымшаның көмегімен бұрын соңды көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, рөлге отырған 200-ден астам тұлға жауапқа тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру