Абай облысында жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды
Абай облысында жаза өтеу тәртібін бұзған есептегі сотталған бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
38 жастағы Семей қаласының тұрғыны Семей қаласындағы жергілікті асханалардың бірінен қолма-қол ақша мен ноутбук ұрлап, сол арқылы асхана иелеріне жалпы сомасы 240 мың теңге материалдық шығын келтірген.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сот оған пробациялық бақылау орната отырып, екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеуге үкім шығарды.
2023 жылдың маусым айында сотталған Семей қаласы Затон ауданының пробация қызметінің есебінде тұрды, есепке алу кезінде оған есепте тұрған сотталғанның құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, қалалық жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне жұмысшы болып жұмысқа орналастырылды. Бірақ ол жазасын өтеу кезінде бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзған, атап айтқанда тіркеуге келмей, бөтеннің мүлкін ұрлаған.
– Семей қаласы Затон ауданының пробация қызметінің қызметкерлері сотталған адамға қатысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс жолдады. Осы факт бойынша сот отырысы өтті. Сот шешімімен оның бас бостандығын шектеу өтелмеген 1 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды, – деп атап өтті Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметінің басшысы Ерік Усербаев.