Қостанай облысында полицейлер облыстық семинарға қатысты
Қостанай облысында полицейлер білім беру саласының қызметкерлеріне арналған семинарға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 мамырда облыстық ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Амангелді Бапинов Балалар шығармашылығы мектебінің базасында өткен облыстық семинарға қатысты. Кездесудің тақырыбы – «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» болды.
Іс-шараға 300-ден астам адам қатысты. Оның ішінде қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің әдіскерлері, сондай-ақ облыстың мектептері мен колледждері директорларының орынбасарлары болды.
– Оқу орындарында экстремизмнің алдын алу – бұл барлық мемлекеттік органдардың кешенді және жүйелі жұмысы, – деп атап өтті Амангелді Бапинов.
Осы тақырыпты әртүрлі тұрғыдан қарастыру мақсатында семинарда Білім басқармасы, ҰҚКД Терроризмге қарсы орталығы, Дін мәселелерін зерттеу орталығы, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, сондай-ақ «Қостанай облысының психологтар қауымдастығы» ҚҚ және Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталығының өкілдері сөз сөйледі.
Семинар барысында қатысушылар дәстүрлі емес діни ағымдардың негізгі ерекшеліктерімен танысып, деструктивті ықпал құрбандарын анықтау әдістерімен танысты.
Білім басқармасы білім беру ұйымдарында мектеп формасы мен белгіленген киім нысанына қойылатын талаптарды сақтаудың, діни қатынастар саласындағы радикалды көріністерге нөлдік төзімділікті қалыптастырудың және төтенше жағдайларда іс-әрекеттің практикалық дағдыларын пысықтаудың маңыздылығын тағы да атап өтті.
Семинар қорытындысы бойынша ПД ЭҚІҚБ қызметкері Амангелді Бапинов ведомствоаралық өзара іс-қимылды дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімдігі білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.