Абай облысы ҚАЖД қызметкерлері бейнелеу өнері мұражайына экскурсия жасады
Тәлімгерлер мен олардың жас қызметкерлері Невзоровтар отбасылық бейнелеу өнері мұражайында болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысы қауіпсіздігі аралас мекемеде тәлімгерлер, жас қызметкерлер «Халықаралық мұражай күні» қарсаңында Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайына экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия жас қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттыруда тәлімгерлік рөлін арттыру және қылмыстық-атқару жүйесінің имиджін көтеру, қызметкерлер арасында кәсіби мақтаныш сезімін ояту мақсатында өткізілді. Осы жылдың басынан бері №19 мекеме 5 жас қызметкермен толықты. Жақында ғана оқу орындарын тәмамдаған жас ұл-қыздар Отанына Ант берді!
Экскурсия жас қызметкерлер мен олардың тәлімгерлеріне бір-бірін жақсырақ тануға мүмкіндік берді, өйткені картиналарды ұнату арқылы адамның мінезін, интеллектін, берілген жағдайды қалай бағалайтынын, оның логикалық ойлауын білуге болады. Суреттерден 18-19 ғасырдан бастап сол кездегі адамдардың қалай өмір сүргенін, олардың тұрмыс-тіршілігін, тұрмыс жағдайын сол атмосфераға кіргенде ғана білу мүмкін.
– Мұражай қызметкерлерінен мұражай қорында 3600-ден астам өнер туындысы бар екенін білдік. Мұражай көрмесі 18 ғасырдың аяғынан 20 ғасырдың басына дейінгі орыс өнерінің дамуын көрсетеді; Қазақстанның бейнелеу өнері бөлімі (мыңнан астам экспонаттар) ұлттық көркем мәдениеттің ең жарқын және ерекше өкілдерімен ұсынылған. 16 ғасырдың аяғы – 20 ғасырдың басындағы Батыс Еуропа кескіндеме және графикасының шағын бөлімі бар. Сондай-ақ ХХ ғасырдағы ТМД елдері – Ресей, Орталық Азия, Грузия, Армения, Беларусь және т.б өнер туындылары қойылған екен, – деп өз әсерімен бөлісті кадр бөлімінің бастығы Дидар Жұмаханова.