Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысы ПД балалар демалысын бақылауда ұстайды

Ақмола облысы ПД балалар демалысын бақылауда ұстайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың жазғы лагерьлердегі демалысы тек қызықты ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз болуы керек. Дәл осы мақсатта полиция қызметкерлері балалардың жазғы сауықтыру лагерьлерін тексере бастады. Аумақтық полиция бөлімдерінің бастықтары облыстық ведомствоаралық мониторингтік топ құрамында Ақкөл, Бурабай, Біржан сал, Зеренді, Сандықтау және Целиноград ауданының балалар сауықтыру орталықтарына жеке өзі барып, басшылармен кездесіп, балалар қауіпсіздігінің барлық сәттерін талқылады.

Осы жылы өңірде 16 саяжай лагері жұмыс істеуді жоспарлап отыр, олар маусым айының басында жұмысын бастайды. 170 мыңнан астам балалар қамтылады, сондықтан олардың жұмысы басталған сәттен бастап мобильді полиция топтары үнемі айналып өтіп, қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз етеді деп шешілді. Сонымен қатар осы лагерьлерде жұмыс істейтін қызметкерлерді тексеру бойынша қарқынды жұмыс жүргізілді. Сапар барысында төтенше жағдайлар жөніндегі өкілдер қатысты, олар алдымен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау үшін объектілерді қарап, лагерьлердің жабдықталуын тексерді, онда барлық қажетті құтқару құралдары мен байланыс құралдары бар екеніне көз жеткізді.

Полицейлер ата-аналарға сапар алдында балаларға өз мүлкінің сақталуына ұқыпты және тиянақты қарау туралы нұсқау беру қажет екенін ескертеді. Сондай-ақ сіз балаңызбен жаңа ұжымдағы қарапайым мінез-құлық ережелерін қайталауыңыз керек: құрдастарының алдында қымбат телефондарды, планшеттік компьютерлерді және т.б. көрсетпеулері тиіс.
БСО-ны тексеру барысында анықталған барлық кемшіліктер бойынша қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету бөлігінде жергілікті әкімдіктердің атына тиісті ұсыныстар жолданды. Лагерьлердің жұмыс істеу кезеңінде полиция қызметкерлерінің БСО-ға бару және профилактикалық әңгімелер өткізу кестесі әзірленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру