Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында әйелдер мекемесінен бір күнде үш сотталған бостандыққа шықты

Абай облысында әйелдер мекемесінен бір күнде үш сотталған бостандыққа шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысындағы әйелдер колониясынан босатылған үш сотталған әйелдің бірі – Қырғызстаннын азаматы. Босап шыққан әйелдер жазасын өтеу барысында өздерін жақсы жағынан көрсетіп, мекеме аумағында атқарылған тәрбиелік және қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, атқару парақтары бойынша өз төлемдерін өткеріп, осы түзеу мекемесінен шығамыз деген мақсаттарын істерімен дәлелдеді.

– 2016 жылы есірткі заттарын сатып алып жүргені, сақтағаны және сатқаны үшін сотталып, 16 жылға бас бостандығынан айырылдым. Мен Қырғызстан азаматымын, отбасым жоқ, түзеу мекемесінде өзім сияқты сотталған әйелмен құрбы болып, бір-бірімізге өте жақын болып кеттік. Жазам толық өтелмейінше, мен Отаныма қайта алмаймын. Құрбым өзімен бірге тұруға шақырды. Оның туыстары да қарсы болмады, тіпті жұмысқа тұруға да көмектесеміз деді. Қазір жасым 43-те, жас кезім қылмыспен өткеніне қатты өкінемін. Қақпа алдындағы кездесуде басқа сотталғандарды туыстары мен достары келіп күтіп алды. Осының бәріне қарап, отбасылы болғым келіп, өзіме енді қайта қылмысқа бармаймын деп серт бердім, – деп атап өтті мекемеден босап шыққан әйел.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру