Алматыда көліктерін тұраққа дұрыс қоймаған 10 мыңға жуық жүргізуші жазаланды
Алматыда көліктерін тұраққа дұрыс қоймаған 10 мыңға жуық жүргізуші жазаланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматыда көліктерді тұраққа қою ережелерін бұзу деректерін анықтау жұмыстары жалғасып жатыр. Полицейлер эвакуаторлардың көмегімен заңсыз қойылған көлікті мамандандырылған айыппұл тұрағына жеткізеді.
– Жыл басынан бері автотұрақ ережесін бұзған 9963 адам жауапкершілікке тартылды. «Аялдауға тыйым салынады» және «Тұраққа қоюға тыйым салынады» белгілерімен белгіленбеген орындарға көлік қоятын жүргізушілерді анықтау мақсатында жергілікті жерлерде тұрақты түрде іс-шара жүргізілуде. Сонымен қатар алдыңғы шептегі бөлімшелердің қызметкерлері автобустардың жүруін қиындатып, кептелістің пайда болуына ықпал ететін қоғамдық көлік аялдамаларында көліктерді тұраққа қою сияқты өрескел бұзушылықтарды анықтауда және жоюда. Тәжірибе көрсеткендей, рейдтер мен іс-шараларды өткізу қаладағы көліктердің өткізу қабілетіне, жүргізуші тәртібі мен жүргізу мәдениетін арттыруға оң әсерін тигізеді, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Жергілікті рейдтерді өткізу кезінде полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзу туралы хабарлаған мүдделі азаматтардың сигналдарын белсенді пайдаланады.
– Қаламыздың тағдырына бей-жай қарамайтын осындай белсенділерге алғысым шексіз. Сондай-ақ, барша азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Заңды және тәртіпті сақтауды өзімізден бастау керек, сондықтан заңға бағыну өте маңызды, бұл қаладағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлесімізді қосуды білдіреді, – деді Шумаев.