Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғынынан аса ірі мөлшерде трамадол тәркіленді

Шымкент тұрғынынан аса ірі мөлшерде трамадол тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктінің пәтерінде полицейлер құрамында психотроптық заттар бар анальгетиктің 99 пластинасын тапты. Азаматша таблеткаларды кіреберістегі аяқ киім шкафында сақтаған. Ұсталған әйел оларды көшеден тауып алғанын айтты. Аталған деректі Абай ауданының полиция басқармасы тергеп жатыр.

Айта кетейік, аса ірі мөлшердегі есірткі құралдарын өткізу мақсатында иемдену және сақтау мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға алып келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру