Шымкенттің бас полицейі балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады
Шымкенттің бас полицейі балалар үйінің тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықаралық балаларды қорғау күні қалалық полиция департаментінің бастығы Думан Таев басшылық және жеке құрам қызметкерлерімен өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қорғау орталығының тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтап қайтты.
Бүлдіршіндерге арнайы келген тәртіп сақшылары мерекелік концерт қойып, полиция департаменті хоры ән арнады. Салтанатты шарада мекеме басшысы бүлдіршіндерді назарсыз қалдырмағаны үшін полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Өз кезегінде, мегаполистің бас полицейі балаларға ізгі тілегін айтып, оларға арналған сый-сияпаттарды табыс етті.
Шара соңында ПД-ның жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлері балаларға қарсыласты қарусыздандырудың түрлі әдіс-тәсілдерін көрсетіп, таңқалдырды.
Мейірім мен қуанышқа, бақыт пен шаттыққа толы кездесуден балалар мәз-мейрам болып, керемет көңіл-күй алды.