Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысының учаскелік полиция инспекторы қызметінің қыр-сырымен бөлісті

Қызылорда облысының учаскелік полиция инспекторы қызметінің қыр-сырымен бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қасиетті Сыр елінің тәртіп сақшысы ерекше құрметке ие. Қызылорда облысы полиция департаментінің, Жалағаш ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Сенбеков қызмет атқаратын Бұқарбай батыр ауылында жыл басынан бері бір қылмыс ғана тіркелген.

Ауыл тұрғындарымен тату-тәтті қатынаста болуы және учаскелік полиция инспекторының қолға алған профилактикалық шаралары негіз деуге болады. Бұл ауылда 2034 адам тұрады, 42 шаруа қожалығы бар.

Ауыл тұрғындарының көбі мал және егін шаруашылығымен айналысады. Учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Сенбековтың айтуы бойынша бұл ауылда қоғамдық тәртіп күн сайын профилактикалық жұмыстар арқылы күшейтіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы негізгі буын учаскелік полиция инспекторларына берілген. Халықтың қайнаған тіршілігінің ортасында жүрген тәртіп сақшысы халыққа жақын болудың маңызын түсініп, әрбір тұрғынға көмек қолын созуға тырысады.

Учаскелік инспектор болғандықтан, ол бірінші кезекте ауыл тұрғындарымен және ақсақалдармен, жергілікті мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен өзара байланыс орнатқан. Нұрлан өзінің таңдаған мамандығына және өмір жолына құрметпен қараудың үлгісі.

Бүгінде учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Орынбасарұлы өзіне берілген аумақтағы қандай да болсын құқық бұзушылыққа жол бермеу, оның алдын алу, қылмыстың бетін ашу, түскен арыз-шағымдар сияқты көптеген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Осы саладағы қызметі әділ бағаланып, Қызылорда облыстық полиция департаментінің алғыс хаттарымен марапатталған.

Нұрланның адал жары Күнтуғанова Гүлназ – 6 баланың анасы, үлгілі отбасы. Үлкен ұлы Орынбасар Нұрислам гір спортынан Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы және Азия чемпионы. Баласы Орынбасар Нұрислам әкесінің спорт жолын қуып, осындай жетістіктерге жетуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру