Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда көлік полицейлері тұрғыннан психотроптық есірткі затын тәркіледі

Алматыда көлік полицейлері тұрғыннан психотроптық есірткі затын тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасы есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері елімізде өтіп жатқан “Қарасора” және “Құқықтық тәртіп” профилактикалық іс-шараларының аясында есіркі затын заңсыз сақтады деген күдікпен 31 жастағы күдіктіні ұстады.

2024 жылдың 3 маусымы күні сағат 00:40-та аталған бөлім қызметкерлері Алматы-1 вокзалында И. атты азаматтың қол сөмкесін және оның тұрғын үйін тексеру барысында ірі көлемде есірткі заттары тәркілеп, ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлімі бойынша кваликациялануда.

И-дан жауап алу кезінде ол аталған заттарды 2 маусым түнгі сағат 23:00 шамасында Түрксіб ауданының аумағында келе жатып, жерден тауып алғанын айтты. Азамат И-дың есірткіге тәуелді және тұрғылықты жері бойынша диспансерлік есепте тұратыны және Алматы қаласы тұрғыны екені анықталды.

Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу тізіміне тіркеліп, табылған заттарға сот-химиялық сараптама тағайындалды. Сараптама қорытындысына сәйкес, азамат И-ден табылған заттардың психотропты заттар екені анықталды.

ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жариялауға жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру