Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында есірткінің заңсыз айналымы саласында 94 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Павлодар облысында есірткі заттарының заңсыз айналымы саласында 94 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оның 34-і сатуға байланысты, оларды жасаған 17 адам ұсталды. Есірткіге қарсы мазмұнды 75 және OLX маркетплейсіндегі 115 хабарландыру бұғатталған.

– Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласындағы басым бағыттардың бірі синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша жұмыс болып белгіленді. Интернет желісін және “Qiwi-әмияндарды” пайдалана отырып, жаңа психоактивті заттардың, синтетикалық есірткілердің таралуын болдырмау іс-шаралары бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Есірткі мен психоактивті заттардың жаңа түрлерінің таралуы туралы құқыққа қайшы ақпараты бар сайттарды анықтау бойынша мониторинг жүргізіледі. Есірткіні сатумен айналысатын интернет-сайттар мен мессенджерлердің логиндерін жарнамалайтын сыртқы “граффити-жазулар” анықталуда, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Полицейлер оқу орындарында, әскери бөлімдерде, арнайы мекемелерде түсіндіру ақпараттық науқанын жүргізеді. Дәрістер есірткінің зияны туралы ғана емес, егер туыстары мен жақындарының бірі есірткіні тұтынуға тәуелді болса, қайда жүгінуге болатындығы туралы оқу фильмдері мен әлеуметтік жарнама роликтерін көрсетумен қатар жүреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру