Жетісуда Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай жайдарман жарысы өтті
Жетісу облысында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай қалалық техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында жарыстар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Студенттер арасында жайдарман ойыны өтті. Жарысқа қаланың түрлі колледждерінің құрама командалары қатысты. Іс-шараны Жетісу облысының білім басқармасы, полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Jetisy jastary» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.
Іс-шараның құрметті қонақтары арасында Жетісу облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің бас маманы Олжас Равилев, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Меруерт Искакова және Жетісу облысы «Жайдарман» филиалының директоры Мадияр Жұмабаев қатысты.
– Жайдарман жарысы көптеген көрермендер мен қатысушыларды тартып, достық бәсекелестік пен жақсы көңіл күй сыйлады. Командалар әзіл мен өз сахналық шеберліктерін көрсетті, бұл тек көңіл-күйді көтеріп қана қоймай, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға да ықпал етті, – деп атап өтті ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Меруерт Искакова.
Талдықорған Сервис және технологиялар колледжінің «Темекіге жол жоқ» командасы жайдарман жарысының жеңімпазы атанды. Олардың дайындаған номерлері әсерлі, жарқын және есте қаларлықтай болды, қазылар алқасының жоғары бағалары мен көрермендердің мақтауларына ие болды.
Бұл жарыстар тек көңілді іс-шара ғана емес, сонымен қатар нашақорлықпен күресуге бағытталған профилактикалық жұмыстың маңызды бөлігі болды. Мұндай бастамалар жастардың бойында салауатты және белсенді өмір салтының тұрақты құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ ұжымшылдық рухын және қоғам алдындағы жауапкершілікті нығайтады.