Жетісу полицейлері мерекеге орай ұйымдастырылған марафонға қатысты
Жетісу полицейлері мерекеге орай ұйымдастырылған марафонға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс орталығында полиция күніне орай Жетісу облысы полиция департаментінің қызметкерлері арасында марафон өтті.
– Бұл марафон “Қазақстан полиция күніне” орайластырылған, оның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру және спортпен белсенді айналысуға шақыру, – деп атап өтті Жетісу облысы ПД бастығы Сарқытбай Құсаинов.
Марафонға өңірдің бас полицейі және оның орынбасарлары, полиция департаменті басқармаларының басшылары, Талдықорған ҚПБ қызметкерлері және ЖҚАЖ жауынгерлері қатысты.
– Біз, ведомство басшылары өзімізді үлгі ретінде жас қызметкерлерге салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын көрсеткіміз келеді, себебі дене шынықтыру мен спорттың рөлі біздің мамандығымызда өте маңызды, – деп толықтырды С. Құсаинов.