Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция ер адамды сан соқтырған алаяқты қолға түсірді

Елордада полиция ер адамды сан соқтырған алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бизнесті алға жылжыту үшін қала тұрғыны досын ақша салып, тиімді бизнес-жоспарға инвестор болуға шақырған. Құрбысына сенген жәбірленуші оған 16,5 миллион теңге берген.  Кейін жоғары төлемге қол жеткізе алмаған ер адам полицияға хабарласқан. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері алаяқтықпен айналысқан 23 жастағы жас жігітті анықтады. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру