ІІМ тәлімгерлік институтын жандандыруда
Ішкі істер министрлігі тәлімгерлік институты мен полиция жиналыстарын қайта жандандырып жатыр. Тәртіп сақшыларының жұмысын жетілдірудің жаңа тәсілдері ІІМ-де жарияланған кадрлық әлеуетті арттыру шеңберінде енгізілді. Ең бастысы – жұмыс сапасын жақсарту және полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәлімгерлікті нығайту арқылы жас қызметкерлер арасында идеологияны жүргізуге болады. Тәлімгерлер тек практикалық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге психологиялық, моральдық көмек көрсете алады.
Талдау көрсеткендей, бір жылдан аз қызмет еткен сақшылар арасында тәртіптік теріс қылықтарға жиі жол беріледі. Олардың алғашқы жылдары жұмыстан кетікісі келетіндері де жоқ емес. Бұған соңғы бес жылдағы статистика дәлел. Мамыр айының соңында Ішкі істер министрі тәлімгерлік алгоритміне өзгерістер енгізу бойынша бұйрыққа қол қойды. Енді қызметке қабылданған сақшылар алты ай бойы аға буын әріптестерінің бақылауында болады. Бұл мерзім бұрын тек үш айды қамтитын. Биыл барлық аумақтық бөліністерде ішкі істер органдарының ардагерлері арасынан тәлімгерлер кеңесі құрылды.