Ақмола полицейлері арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін жауапкершілікті еске салады
Ақмола полицейлері арнайы қызметтерді жалған шақырғаны үшін жауапкершілікті еске салады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер азаматтар өздерінің іс-әрекеттерінің салдарын білмей, полиция қызметкерлерін туыстарына немесе көршілеріне әзіл ретінде немесе ренжіген кезде және мас күйінде шақырған жағдайлар жиілеп кеткенін атап өтті.
Мәселен 25 маусымда 1990 жылы туған Қосшы қаласының тұрғыны үйде болған кезде 102 нөміріне қоңырау шалып, отбасылық жанжал бойынша полиция қызметкерлерін шақырды.
Аталған мекенжайға келген учаскелік инспекторлар отбасылық жанжал фактісі расталмағанын анықтады.
Әйел полицияны коммуналдық қызметтерді төлемейтін күйеуін қорқыту үшін шақырған.
2024 жылғы 15-25 маусым аралығында Қосшы қаласының полиция бөлімімен отбасылық-тұрмыстық қатынастар фактісі бойынша көрінеу жалған 3 қоңырау тіркелді.
Барлық фактілерге қатысты ҚР ӘҚБтК 438-бабы 1-бөлігі (Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.
Ақмола облысының полиция департаменті осы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік туралы ескертеді. Ол үшін жауапкершілік ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабында көзделген және жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.