Павлодар облысында биыл 11 мыңға жуық азаматқа жүргізуші куәлігі берілді
Павлодар облысында биыл 11 мыңға жуық азаматқа жүргізуші куәлігі берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
67 мыңнан астам павлодарлықтар полицияға жүргізуші куәліктерін алу, мемлекеттік нөмір алу және автокөлікті тіркеу мәселелері бойынша жүгінді.
Жыл басынан бері 11 мыңға жуық азаматқа жүргізуші куәлігі берілді. 54214 азамат Павлодар облысында көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу мәселесі бойынша жүгінді. 1007 азамат мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің төлнұсқаларын беруге өтініш білдірді.
– Бұдан басқа, тәртіп сақшылары азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау желісі бойынша электрондық форматта 2041 қызмет көрсетті. Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде заң бұзушылықтарға жол берілмеді, – деді Павлодар облысы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Борис Әлімбаев.