Алматы облыстық ЖҚАЖ қызметкері арнайы бөліністің қыр-сырымен бөлісті
Алматы облыстық департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы Қымбат Ахмет арнайы бөліністің қызметі туралы бөлісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Арнайы күштер туралы айтатын болсақ, біз басты кейіпкерлері әрқашан қорықпайтын, физикалық тұрғыдан мықты ер адамдар болғанына үйреніп қалдық, бірақ әдеттегі стереотиптерден алшақтап, біз құпиямен бөліскіміз келіп отыр: арнайы бөліністер қатарында қыздар да қызмет етеді. Қауіпті әрі ауыр қызмет атқару нәзік жандардың да қолынан келеді, оның айқын дәлелі – Қымбат.
– Бала кезімнен полиция қызметкері болуды армандадым. Жасөспірім кезімде мен өзіме мақсат қойып, оларға қол жеткіздім. Ата-анама спортқа деген сүйіспеншілігімді баулыған үшін өте ризамын, – деп атап өтті Қымбат Ахмет.
Ішкі істер органдарында Қымбат 2015 жылдан бастап, ал арнайы жасақта үшінші жыл қызмет етуде. Спортта ол бұрын-соңды болмаған биіктерге жетті: қазір ол қоян қолтық күресінен Әлем Кубогының спорт шебері, аралас жекпе-жектен және самбодан спорт шебері, бірақ оның ең маңызды жеңісі – бес жасар ұлы Ерғазы, Қымбат оған да бала кезінен спортқа деген сүйіспеншілікті ұялатуда.
– Арнайы күштердің жауынгері ретінде нәзік болып қалу қиын екені сөзсіз. Жылдам қимылдайтын арнайы жасағындағы қызметті оңай және қарапайым деп атауға болмайды, бірақ мен барлық сынақтарға дайынмын. Менің ойымша, қызметтегі ең маңызды нәрсе – табандылық, төзімділік және тәртіп сияқты жеке қасиеттерге ие болу. Бала кезімнен ұлыма да осындай қасиеттерді сіңіріп келемін, – деп қосты Қымбат.