Алматы облысында полиция жастар орталығымен меморандумға қол қойды
Алматы облыстық департаментінің есірткі қылмысына қарсы полицейлері өңірдің жастар ресурстық орталығымен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Орталық өкілдерімен жұмыс кездесуі полиция департаментінің ғимаратында өтті. Кездесу барысында полицейлер 26 мамырдан 26 маусымға дейін созылған есірткіге қарсы айлықтың белсенді қатысушыларын алғыс хаттармен марапаттады.
– Іс-шара есірткі қылмысының алдын алуға бағытталған бірлескен іс-шараларды жоспарлау шеңберінде ұйымдастырылды. Меморандумның басты мақсаты – есірткіге қарсы саясат жүргізу және салауатты өмір салтын насихаттауға және әскери-патриоттық тәрбиеге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау, – деп атап өтті облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ардақ Қайсаров.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар заңсыз контенті бар интернет-ресурстарды жедел бұғаттау мақсатында интернет-кеңістікті мониторингтеуге, есірткіні насихаттаумен, жарнамалаумен және таратумен айналысатын күдікті сайттарды, парақшаларды, топтарды, форумдарды, хабарландыруларды және т. б. іздеуге көмек көрсететін IT-технологияларды білетін еріктілер тобын құру туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар тараптар бірлескен профилактикалық іс-шараларды өткізу кестесін бекітті.
– Бірлескен күш-жігермен ғана біз есірткі қылмысына лайықты тойтарыс бере аламыз, – деп түйіндеді А.Қайсаров.