Павлодар облысы ҚАЖД мекемесіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары барды
Осы жылғы 1-10 шілде аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі, Мәжіліс депутаты Жаркынбек Амантай Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты ведомстваларға баруды жоспарлап, №45 мекемеге келді. Іс-шараның мақсаты – мекемедегі жұмыс барысымен танысу болды.
Мәжіліс депутаты Жаркынбек Амантай қызметкерлермен және сотталғандармен сөйлесу барысында оларға психологиялық сонымен қатар медициналық көмектің толық қанды сапасы жайлы бірқатар сұрақтар қойылды. Себебі, қазіргі таңда денсаулық мәселесі бірінші сатыда тұр. Сотталғандардың құқықтарының қорғалуы туралы сұхбат болды.
Мекеменің қазіргі заманға сай барлық өндірістік аймақтарында бейнебақылау камералары тоқтаусыз жұмыс істейтіндігі атап өтілді. Сонымен қатар мекеменің материалдық-тұрмыстық жай-күйіне назар аударылды.