Жезқазғанда полицейлер мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған семинарға қатысты
Жезқазғанда полицейлер мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында ұйымдастырылған семинарға қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жезқазған қаласының Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханасында Ұлытау облысының ресурстық тілдерді дамыту орталығының, қорғаныс істері департаменті, полиция департаменті, төтенше жағдай департаменті қызметкерлерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту» тақырыбында семинар өтті.
Шараға аталған мекемелерден тіл дамыту бағытына жауапты қызметкерлер қатысып, мемлекеттік тілде іс жүргізу, қолданыстағы тіл туралы заң нормаларының күнделікті қызметте сақталуы және орындалуы сияқты мәселелерді талқыға салды.
2 жыл бұрын жеке облыс мәртебесін алған Ұлытау облысында 220 мыңнан астам азамат тұрады. Өңірдің 76 пайызы – қазақ болса, қалған пайызын өзге ұлттың өкілдері құрайды. Халықаралық Қазақ тілі қоғамының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Базаркүл Үмбетова семинарға қатысушыларға одан әрі мемлекеттік тілдің аясын кеңейту бағытында бірлескен жұмысты жалғастыруды қолдады.