Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысы ПД бастығының жеке қабылдауында 200-ден астам тұрғын болды

Жамбыл облысы ПД бастығының жеке қабылдауында 200-ден астам тұрғын болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2024 жылдың бірінші жартыжылдығында ПД бастығының жеке қабылдауына – 190 адам, орынбасарларына – 57, қалалық және аудандық полиция бөлімдері басшылығының қабылдауына – 462 адам келді.

“Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасы аясында азаматтарды қабылдау шарасы апта сайын жүргізіледі.

Қабылдау барысында келген өтініштердің көпшілігі аудан тұрғындарынан, атап айтқанда, Байзақ, Т.Рысқұлов аудандарынан болды. ПД бастығы А.Баймурзин атап өткендей, бұл статистика жергілікті жерлерде тұрғындармен кері байланыс орнатылмағанын көрсетеді. Аудандық полиция бөлімдеріне жұмысты күшейтіп, әрбір арызды жіті қадағалау тапсырылды. Бұл алдағы уақытта жүйелі шаралар қабылдауға септігін тигізеді.

Осы аптада департамент бастығы 25 тұрғынды қабылдады. Сондай-ақ іс-шараға өтініштерді қарау тікелей құзырына кіретін қызмет басшылары да қатысты. 

Қабылдауда тұрғындардың мал ұрлығы, алаяқтық деректері бойынша өтініштері тыңдалды. Барлық жолданған сұрақтар басшылықтың бақылауына алынып, тиісті тапсырмалар берілді.                                            

Сонымен қатар қабылдау барысында полиция қызметкерлерінің заңға қайшы әрекеттері туралы шағымдар да кездесті. Осы жолы тұрғындар тергеушілер мен учаскелік полиция инспекторларының жұмысына наразылығын білдірді. А.Баймурзиннің тапсырмасымен ПД Штабы қызметтік тергеу жүргізетін болады. Қызметкерлердің тергеу әрекеттеріне баға беру  мақсатында, жауап алу кезіндегі бейнебақылау камераларына жазылған жазбалар мұқият зерделенеді.                                         

— Сондай-ақ барлық өтініштер оң жауабын таба бермейтінін атап өткім келеді. Бұл тұрғыда әрбір тұрғынның мәселесіне заң аясында, обьективті әрі әділетті түрде қарауды басшылыққа алу маңызды, – деп қортындылады ПД бастығы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру