Таразда полиция жалған нөмірмен көлік басқарған жүргізушіні ұстады
Таразда жалған нөмірмен көлік басқарған тұрғын бір жылға жүргізуші куәлігінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тараз қаласының патрульдік полиция қызметкерлері аумаққа бақылау жүргізу барысында Lada көлігін тоқтатты.
Тексеру кезінде 31 жастағы жүргізушінің көлікті жалған мемлекеттік тіркеу нөмірімен басқарғандығы анықталды. Ол автокөліктен өз нөмірін шешіп алып, камераларға түсіп қалмау үшін жалған нөмір жапсырып жүрген.
Ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігімен (Көлiк құралына көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерiн орнату) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оған үш тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және бiр жыл мерзiмге көлiк құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.