Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда жазасын өтеушілерге психологиялық көмек көрсетілді

Таразда жазасын өтеушілерге психологиялық көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№25 түзеу мекемесінің аға инспектор психологтары Маржан Сейдуллаева мен Сәуле Әзімханова сотты болған азаматтарға жоспарға сай психологиялық көмек берудің арнайы іс-шарасын ұйымдастыруда.

Психологтар «Өзіне сенімділікті арттыру», «Өкпе-наз», «Менің болашағым», «Пайдалы әрекеттер» секілді тренингтермен қатар, «Ақ сұңқар» психодиагностикалық зерттеулер аясында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бастысы, аталған іс-шара барысында мамандар сотталғандармен жан-жақты пікір алмасып, оларға психологиялық ақыл-кеңестер беруде.

Айта кетейік, бүгінгі таңда дәл осы мекемеде 700-ге жуық азамат жазасын өтеп жатса, жыл басынан бері 70-ге тарта жазасын өтеуші психологтардың көмегіне жүгінген. Бұдан бөлек, мекеме психологтарының бастамасымен 300-ден астам сотты болғандарға тиісті жәрдем берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру