Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзған жүргізушілер анықталды

Қызылорда облысының полицейлері «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын (ауданаралық, қалааралық, обылсаралық және халықаралық) азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында шілде айының 23-28 күндері аралығында республикалық «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

Іс-шара кезінде жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асырушылар тарапынан ЖҚЕ бұзудың 395 дерегі анықталды.

Атап айтқанда, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу – 60, көлік құралын тиісті рұқсатсыз жабдықтау – 20, рейс алдындағы қарап тексеруден өтпеу – 2, міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралдары – 31, көлік құралын басқару кезінде телефон пайдалану – 46, маневр жасау қағидасын бұзу – 73, ҚР-ның міндетті сақтандыру заңнамасын бұзу – 41, жолаушыларды заңсыз тасымалдау – 5, шығарындыларда ластаушы заттардың болу нормативтерінен асуға қатысты 21 дерек анықталды.

Айып тұрағына 27 автокөлік қойылып, 34 мемлекеттік белгі алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру