Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада «Аулада қабылдау» акциясы жалғасып жатыр

Қызылордада «Аулада қабылдау» акциясы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысының полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасымен “Аулада қабылдау” акциясы өтті. Акцияның мақсаты – полицияның оң имиджін қалыптастыру мақсатында тұрғындар мен полиция арасында байланыс орнату. Учаскелік полиция инспекторлары облыс орталығындағы №4 әкімшілік аймақтың тұрғындарымен кездесіп, олардың ұсыныс – пікірін тыңдады.

Акция барысында тұрғындарға балалардың мопед және электросамокат жүргізуінің жауаптылығы, кәмелетке толмағандардың белгіленбеген уақытта заңды өкілінсіз жүруі үшін ата-анаға әкімшілік шара көрілетіні, жасөспірімдер арасындағы топтық төбелесті болдырмау үшін балаларға бас-көз болу жөнінде ескертілді.

Сонымен қатар қазіргі коғамда белең алып отырған алаяқтық қылмысының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылып, аймаққа бекітілген учаскелік полиция инспекторының визиткалары таратылды.

Тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстардың басым көпшілігі аулада бейнекамера орнату, көліктерді дұрыс тұраққа орналастыру, балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі мәселелер және жаяу жүргіншіге арналған жаяу жүргіншілер жолағын жаңарту, жалға берілетін пәтер агенттік иелерінің дұрыс жүйеде қызмет атқару мәселесі қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру