ІІМ Алматы академиясында интернет-алаяқтықты тергеу сапасын жетілдіру тақырыбында көшпелі семинар өтті
ІІМ Алматы академиясында алаяқтықты, оның ішінде интернет-алаяқтықты тергеу сапасын жетілдіру тақырыбында көшпелі семинар-кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың төрағалығымен өтті.
Семинар Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы полиция департаменттерінің тергеу бөлімшелерінің қызметкерлерін, сондай-ақ прокуратура, соттар және басқа да құқық қорғау органдары, банк құрылымдарының өкілдерін жинады. Іс-шарада қатысушылар алаяқтықпен байланысты қылмыстық істерді тергеу процесінде туындайтын проблемаларды және оларды шешу, алаяқтықтың алдын алу жолдарын қарастырды.
– Бүгінгі таңда алаяқтық фактілерінің көпшілігі онлайн режимінде болады, бұл үлкен қауіп. Алайда полиция оны алдын алу мен тоқтату үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Өңірлерде цифрлық қылмыстармен күресу үшін арнайы киберполиция бөлімшелері құрылды. Біз сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты жолға қойып, еуропа елдерінің тәжірибесін қабылдаудамыз. Азаматтарды алаяқтық пен интернет-алаяқтықтың алдын алу жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілуде, – деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев.
Қазіргі уақытта ІІМ Алматы академиясы Ішкі істер министрлігінің құқық қорғау органдары үшін кадрлар даярлау саласындағы жетекші оқу орны болып табылады.
Академияда өткізілген бұл семинар қатысушылардың тәжірибе алмасып, алаяқтыққа қатысты өзекті, проблемалық мәселелерді талқылай алатын жақсы алаң болып табылады. Қатысушылар құқық қорғау органдарының ағымдағы жұмысының сапасын жақсартуға көмектесетін жаңа тәсілдер мен жұмыс әдістерін талқылады.