Павлодар облысында полиция мас күйде көлік жүргізген 15 жүргізушіні анықтады
Павлодар облысында полиция мас күйде көлік жүргізген 15 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ертіс ауданында полиция 300-ден астам жол жүру ережесін бұзудың алдын алды. Автокөлікті мас күйінде жүргізу, белдікті тақпау , көлік құралын жүргізу кезінде телефонды пайдалану – мұның бәрі жол жүру ережелерін өрескел бұзу болып табылады, оларды сақтамау ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Мас күйінде көлік жүргізгені үшін 15 жүргізуші ұсталды, қауіпсіздік белдігін тақпағандар саны – 48. Автокөлікті пайдалануды бұзумен байланысты 50 бұзушылық анықталды, көлік құралдарын құжатсыз жүргізген 27 жүргізуші анықталды.
– Мысалы, Б. Рамазанов көшесінде полицейлер нөмірсіз мотоцикл көлігін тоқтатты. Мотоциклшімен сөйлескен кезде алкогольдің өткір иісі шықты.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші мас күйінде болған. Бұл ретте ер адамның көлік құралдарын жүргізуге құқығы болмады, – деді Павлодар облысы Ертіс ауданы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Серік Үсенов.
Сот шешімімен жүргізуші 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.