Павлодар полицейлері балаларға пайдалы сабақтар өткізді
Павлодар полицейлері балаларға пайдалы сабақтар өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар ауданы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кезекті рет республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагерінде демалып жатқан балаларға барды.
Полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, көшеде, үйде және демалыста қауіпсіздік ережелері, жеке заттарының сақталуына жауапкершілік туралы әңгімелесті.
– Біз балаларға жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мінез-құлықтың негізгі ережелері туралы айттық. Балалар өздерін қаскөйлер тарапынан мүмкін болатын құқыққа қайшы әрекеттерден қалай қорғауға болатынын, жеке қауіпсіздік ережелері туралы, қандай жағдайларда полиция қызметкерлеріне жедел жүгіну қажет екенін, сондай-ақ жасөспірімдерге темекі және синтетикалық есірткіні шегудің зияны, электрондық темекіні, вейптерді қолданудың салдары қандай болуы мүмкін, лудомания дегеніміз не және ол неге қауіпті екендігі туралы мәліметтермен танысты, – дейді полиция қызметкерлері.
Балалар тәртіп сақшыларын мұқият тыңдап, сұрақтар қойып, оларға жауап алды.