Павлодар облысының полицейлеріне ауыл тұрғынынан алғыс келіп түсті
@mai_aydany_policia_bolimi Instagram парақшасына Павлодар облысы Кентубек ауылының тұрғынынан алғыс хат келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының полицейлеріне ауыл тұрғынынан алғыс келіп түсті.
– Ақпан айында Instagram желісі арқылы Алматы қаласындағы жиһаз сатушылардың бірінің хабарландыруын көрдім, онда үстел мен орындықтарды таңдап, тапсырыс беруді шештім. Дүкен сатушысымен WhatsApp арқылы хабарласып, жиһаздың ақшасын бөліп төлеу арқылы 267 мың теңгеге рәсімдедім. 2 аптадан кейін уәде етілген тауар жеткізілген жоқ. Жиһаз сатушы қоңыраулар мен хабарламаларға жауап бермеді. Тамыз айында, яғни алты айдан кейін мен Павлодар облысы Май ауданының полициясына арыздандым. Менің өтінішім аға жедел уәкіл Ануарбек Уразбеков пен анықтаушы Жанат Шүкетаевқа жолданды. Олар барлық қажетті жұмысты атқарды. Полиция маған тапсырысымды алуға көмектесті. Тәртіп сақшыларына алғыс білдіремін, – деп жазды ауыл тұрғыны.
Полиция қызметкерлері кез келген жағдайда сақ болуға, бөгде адамдарға сенбеуге шақырады.