Павлодар облысында полиция 300-ге жуық есептегі тұлғаны тексерді
Павлодар облысында полиция 300-ге жуық есептегі тұлғаны тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс аумағында «Пробация» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бірінші кезекте, мұндай іс-шаралар пробациялық бақылауда тұрған адамдардың қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында жүргізіледі.
– Облыстың пробация есебінде 1623 есептегі тұлға бар, оның 255-і тұрғылықты жері бойынша полиция және пробация қызметкерлерімен тексерілген. Мысалы, Шарбақты ауданында пробациялық бақылауды бұзған азамат ұсталды. Ол дүкендердің бірінің жанында мас болған. Бұл заң бұзушылық үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екібастұзда тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде есепке алынған адам сағат 22:00-ден кейін үйде болмады. Бірінші рет азаматқа ескерту жасалды. Егер жағдай қайталанса, онда есепке алынатын адамдарға бас бостандығынан айыруға бас бостандығын шектеу мерзімі өзгертіледі, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.
Тәртіп сақшысы алдын алу іс-шарасы кезеңінде сотталғандарды түзету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілетінін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, «Пробация» профилактикалық іс-шарасы 2024 жылдың 22 тамызына дейін өткізіледі.