Қарағандыда бағалы қолсағат пен телефон ұрлауды кәсіп еткен күдікті құрықталды
Қарағандыда бағалы қолсағат пен телефон ұрлауды кәсіп қылған күдікті құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 28 жастағы азаматты қолға түсірді.
Ұсталған азамат қаладағы ломбардтардың бірінен екі қолсағат пен телефон ұрлап кеткені анықталды. Мекемеге келтірілген шығын көлемі – 450 мың теңге. Ұсталған азамат жасаған қылмысын мойындады. Ұрланған заттарды басқа ломбардқа өткізіп жібергені анықталды. Айғақ заттар тәркіленді.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері барысында тәртіп сақшылары күдіктінің осыған ұқсас тағы да екі қылмысқа қатысы барын анықтады. Күдікті қаладағы дүкен сөрелерінің бірінен құны 170 мың теңге болатын қолсағатты ұрлап кеткені белгілі болды. Қаскөйдің жәбірленушілерге келтірген жалпы шығыны – 800 мың теңге.