Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда азаматтарды 23 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ қолға түсті

Қарағандыда азаматтарды 23 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 36 жастағы азаматты ұстады.

Күдікті әлеуметтік желіге сантехникалық жұмыстармен қатар, жер үйлерді орталық жылу құбырына қосып беретіні туралы хабарлама берген. Ол «жұмысын» арзанға бағалады, алайда алдын ала төлем талап еткен. Арзан бағаға өздеріне қажетті жұмыстарды жасатып алмақ болған қаланың 9 тұрғыны аталған хабарлама бойынша алаяққа алдын ала ақша берген. Оларға келтірілген шығын көлемі – 23 миллион теңге.

Күдікті қылмысын мойындады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру